Факультет жаңалықтары (Педагогика)

  М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессорлық оқытушы құрамы - п.ғ.к., доцент Г.Е. Санай және Э.Ж. Амиркенова SDU University базасында өткен «II International Conference on Science Talks: All about Inclusion» ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Өнер қырандары театрымен мазмұнды сұхбат өтті. Кездесу барысында театр ұжымы шығармашылық жолы, бүгінгі жобалары мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен әңгімеледі.

Университетімізде Аян Өтепбергеннің қатысуымен «Қазіргі медиа: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер» атты ашық кездесу өтті. Шараға түрлі курс студенттері қатысып, спикер заманауи медиа трендтері, контент жасаудың тиімді әдістері және шығармашылық ізденістің маңызы туралы айтты.

"Поэзия падишасы - Фариза"атты 2курс МТҚ тобының студенттерінің қатысуымен сахналық композициялық қойылым көрсетілді. Қойылымда ақын Фаризаның шығармалары мен әндерінен  инсценировка құрастырылды.  Фаризаның рөлінде Терекбаева М, Мұқағали рөлінде Үсен Ж, Бақыт рөлінде Тұрсынбай Р сомдап, актерлік шеберліктерін кәсіби тұрғыда кқрсете білді.

ҰОС жеңісін 80 жыл толуына орай, А.Исмайлова және С.Қасымбектің "Әлия"тарихи драма қойылымы қойылды.  Қойылым мақсаты- сұрапыл соғыс жылдарындағы қайсар рухты ата апаларымыздың ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Ш.Айтматов және Р. Отарбаевтың "Шыңғысхан"әпсәна қойылымы қойылды. Бұл қойылым Шыңғысханның жүріп өткен жолын баяндайды және жастарға айтары мол Қайсарлықпен шыдамдылықты және ақыл парасатты насихаттайды.

- 2025 жыл сәуір айында  Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуға арналған «Мектепке дейінгі білім: Жамбыл педагогтарының тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2025 жыл сәуір айында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, Сағымбекова Пернайым Сағымбекқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылыммен өрілген ғұмыр» атты республикалық шығармашылық кеш өтті.