Стратегиялық, халықаралық даму және сапа комитеті қызметінің негізгі мақсаттары:
- Дулати Университетінің даму стратегиясын әзірлеу, талдау, оның барлық құрылымдық бөлімшелермен қызметтердің іске асыруын қадағалау;
- ПОҚ, ғылыми қызметкерлер, ҒЗИ, кафедралар мен факультеттердің стратегиялық даму жоспарының көрсеткіштеріне негізделген дербес жоспарлау жүйесін үйлестіру, оған қатысты ұсыныстар енгізу және жоспарлардың орындалуын қадағалау;
Халықаралық және отандық рейтинг агенттіктерінің рейтингтеріне институционалдық және білім беру бағдарламалары бойынша қатысуды үйлестіру;
- Дулати Университетінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарты талаптарының сәйкестігіне сертификаттау аудитін ұйымдастыру;
- Ішкі және сыртқы аудит нәтижелерін талдау және олар бойынша ұсынымдар енгізу;
- Сапа менеджментіне қатысты құжаттарды жүйелеу және талдау;
- Дулати Университетінің даму бағдарламасы көрсеткіштеріне қолжеткізуді ынталандыруға негізделген ішкі рейтинг жұмыстары нәтижелерін талдау және ұсынымдар енгізу.
- Стратегиялық, халықаралық даму және сапа комитеті өзінің жұмыс жоспарын, жұмыс кестесін (бағдарламасын) әзірлеп, оны құрылымдық бөлімшелердің басшылары арқылы университет ПОҚ-ы мен қызметкерлерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.
Стратегиялық, халықаралық даму және сапа комитетінің негізгі міндеттері:
- Дулати Университетінің Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеу және стратегиялық даму көрсеткіштерін айқындау;
- Дербес жоспарлардың жобаларын талдау және олардың бағыттар бойынша іске асырылуын қадағалау;
- Сапа саясаты мен Стратегиялық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті қорларды жоспарлау;
- Стратегиялық д а м у жоспар мақсаттарының орындалуын қадағалау және талдау;
- Сапа саясатының іске асуын болжамдау және сараптау;
- СМЖ үдерісінің сапалық көрсеткіштерін қызметкерлер назарына жеткізу;
- Рейтинг және СМЖ бойынша мәліметтерді сараптау;
- қажет болған жағдайда ПОҚ, ғылыми қызметкерлер, ҒЗИ, кафедралармен факультеттердің дербес жоспарларына түзетулер енгізу;
- СМЖ ішкі аудитінің уақтылы өткізілуін қадағалау, ішкі аудит есебін комитетте қарау;
- кемшіліктерді түзету шараларын жүзеге асыру, шешімдер қабылдау;
- ISO 9001 стандарты бойынша сертификаттаудан өту және қызметкерлерді оқыту бойынша мекемелердің ұсыныстарын қарау және шешімдер қабылдау.