News

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жасанды интеллект: әлемдік трендтер: білім беру, мәдениет және ұлттық дамудағы мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Университет қабырғасында Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Ғылым арқылы дамуға» тақырыбында салтанатты марапаттау  рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Дулати университеті мен «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен  «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Университет қабырғасында шетелдік студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Шетелдік студенттермен көші-қон заңнамасы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Х. Дулати атындағы Тараз университетіне әлемнің жетекші университеттері мен компанияларының курстарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жетекші халықаралық онлайн білім беру платформасы Coursera бойынша 2026 жылға 700 тегін лицензия бөлінді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жастардың қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған саясатын іске асыру аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Қаржылық сауаттылық» курсы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

29–30 сәуір күндері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағыты бойынша студенттер арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі ұйымдастырылды.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Аталған білім сайысында «Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдары» білім беру бағдарламасы бойынша Дулати университеті студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.