News

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қытайдың Тайбэй қаласында өткен ересектер арасындағы «TAIPEI ASIAN OPEN 2026» дзюдодан Азия кубогында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Мейірбек Байзақов жоғары нәтиже көрсетіп, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. 

Халықаралық додаға әлемнің 23 мемлекетінен 400 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде Мейірбек Байзақов сәтті белдесулер өткізіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Жеңімпазды құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!